Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына кеңестерді есте ұстаңыз

menty 2 7 scaled 1

Алаяқтар бұрын үйіне интернет орнатқан азаматтарға хабарласып, ажыратылмаған-мыс қызметтің күшін жою қажеттігін хабарлайды. Өздерін телекомпаниялардың, байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар SMS-хабар жіберу және дербес деректерге қол жеткізу үшін белгілі бір нұсқауларды орындау арқылы көрсетілетін қызметті қашықтан ажыратуды ұсынады.

Сонымен бірге алаяқтар әлеуетті құрбандарына хабарласып, олардың телефон нөміріне операторды ауыстыру туралы өтінім келіп түскенін айтады. Мұндай өтінім бермегенін айтқан адамға алаяқтар «қауіпсіздікті» қамтамасыз ету үшін жеке кабинеттегі құпиясөзді ауыстыруға кеңес береді.

Содан кейін құрбанына оператордың ресми нөмірінен құпиясөзді жіберуге арналған, алаяқтарға өте қажетті коды бар SMS келеді. Егер адам оны істесе, қаскүнемдер оның нөмірі мен онлайн-банкінгіне қол жеткізеді.

Fingramota.kz жалған «қаржы институттарының қызметкерлерінен», «телеком-операторларынан» телефон қоңыраулары түскен кезде әңгімені тоқтатып, осы ұйымға қоңырау шалу арқылы барлық ақпаратты өзіңіз тексеруге кеңес береді. Осы ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми интернет-ресурста немесе ресми аккаунтында көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет.

Егер сіздің құпия деректеріңіз жария етілген болса, шоттарыңызды бұғаттап, қаржылық мобильді қосымшалардағы құпиясөздеріңізді ауыстырып, құқық қорғау органдарына жүгінуіңіз қажет.

Вишинг-алаяқтардың құрбаны болмас үшін Fingramota.kz-тен бірнеше пайдалы кеңес:

  • Әңгімені бірден доғарған дұрыс. Банктің қызметкері дербес деректерді, оның ішінде карточканың толық нөмірін; оның қолданыс мерзімін; CVC/CVV; интернет-банкингке логин мен парольді; SMS немесе PUSH-хабарламадан код сөзін, кодты білу үшін ешқашан бірінші болып қоңырау соқпайды. Банк бұл деректерді егер сіз қандай да бір проблеманы шешу үшін өзіңіз қоңырау соққан жағдайда ғана сұрауы мүмкін. Мысалы, шетелге шығарда картаны бұғаттан шығару, қайта шығарылған картаны қайдан алуға болатынын нақтылау және т.с.с. Егер сізге қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, осы ақпаратты сұраса, егер оны тіпті автожауап берушіге айту қажет болса да, бұл алаяқтар екендігіне еш күмәнданбаңыз.
  • Телекоммуникация компанияларының өкілдері жай нөмірлерден қоңырау соқпайды және ешқашан SMS-кодтарды немесе карточкалардың деректемелерін айтуды сұрамайды. Барлық маңызды мәселелер бөлімшелерде шешіледі.
  • Егер сізді телефон алаяқтары қорқытуға тырысса, дүрбелеңге салынбаңыз. Сіздің картаңызға қатысты күрделі мәселе туындағаны туралы дүрбелең хабарға: «Тексеру үшін өзім қазір банкке қоңырау шаламын немесе барамын!» деп жауап қайтарған дұрыс. Бұл алаяқтардың жиі қолданатын тәсілі, яғни карточка иесін қорқыту.

Егер сіздің картаңызға қатысты қандай да проблемалар пайда болса, банк оны өзі бұғаттай алады, негізінен, бұл жөнінде сізге шартта өзара уағдаласқан тәсілмен хабарлама жіберіледі.

Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x