Әкімді “ханның қызы” деп атаған қызылордалық белсенді ұсталды

649c321c dc13 4f48 b382 e57c0f1c7be4

Жаңақорған ауданында тұратын желі белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекованы полицейлердің үйінен алып кеткен туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Сонымен қоса ұсталған сәтінің суреті де жарияланды, деп хабарлайды “Азаттық Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Полиция департаментіндегілердің мәліметінше Сандуғаш Тұрлыбекова қатысты қылмыстық іс қозғалған.

-Бұл дерек бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді, – деп мәлімдеді ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Айта кетейік, 4 жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған болатын. Сол кезде полицейлер әкім келеді деп жолды жауып, басқа көліктерді жүргізбей қойған. Бұл жағдайға ашуланған қызылордалық тұрғын аудан аралап жүрген өңір басшысына барып “Жолды жабатын ханның қызысыз ба?” деп шүйліккен. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.

 

 

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

Введите текст заголовка

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x