Әкімдер Президенттің тапсырмасына қарсы ма?

20220310 155654.mp4.Still006

Ауыл тұрғындарына тиесілі жерді иемденген кәсіпкердің басы дауға қалды. Қара халық жайылым жерлеріне өздерінің төрт түлік малын жая алмай жүр.

Шиелі ауданы Қарғалы аулында жеке кәсіпкердің әрекеті халықтың ашу-ызасын келтірді. Бастапқы кезде бірнеше айға өрісте мал жаюға ауыл тұрғындарымен ортақ келісімге келген бизнесмен, кейін сол жерге рұқсатсыз шағын фазенда соғып алған. Негізінде келісім бойынша бұл жерлер қыс мезгілінде тұрғындарға қайтарылуы қажет еді. Дегенімен түрлі желеулерді сылтау ретінде қолданған түлік иесі ауыл тұрғындарымен жүздесуден бас тартыпты.

20220310 155654.mp4.Still001

– Біздің жерімізге байлар баса көктеп кіріп өздерінің қора-қопсаптарын салып осы жайылымдық жерді заңсыз пайдалануда. Бұл жайында мен аудан әкімдігіне, ауыл шаруашылығы жөніндегі бөлім басшыларына арнайы хат жолдадым. Бірақ қимыл жоқ оларда. – деді Пернебай Ізманбетұлы, “Ақ Жол” шаруа қожалығының мүшесі.

20220310 155654.mp4.Still005

Жайылымдық жерсіз халықтың күн-көрісі төмендейтіні белгілі. Уақытша деп айтқан кәсіпкерлер отар қойларымен баса көктеп кіріп жатқан көрінеді. Ауыл ақсақалдары мұндай тірлікке рұқсатымызды берген жоқпыз деп отыр.

20220310 155654.mp4.Still002

-Именно осы жерге шалдар, ақсақалдар жиналып барлығымыз жиналып, мына басы соғылмай тұрғанда келдік. Соқпайсың, бұл Қарғалының жері. Шөбіміз де малымыз да таусылды, айналайын десек иә, иә деді. Бір кезде уже соғып жатыр. Айтқанды істеген жоқ, енді не дейміз? – деді Тәшімбек Алпысбеков, Қарғалы ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

20220310 155654.mp4.Still007

Мәселенің жай жапсарын білу үшін жайылымдық жерді иелік етіп, фазенда соққан  кәсіпкерді іздеп көріп едік ол бұл орыннан табылмады.

20220310 155654.mp4.Still003

 Бұл аудандағы базаркомның малы. Қанша мал бар? Енді 650 бастай мал бар ғой. Ақысына бағып отырмыз.- деді Дүйсенбай Сейлеу, жалданбалы бақташы.

20220310 155654.mp4.Still008

Қарғалы аулының жеріне көз тіккен тек бір ғана кәсіпкер емес екен. Тұрғындар ауылда тұрмайтын тағы бір шаруақожалық иесі әкімдікпен сөз байласты деп отыр. Мәселенің ақ қарасын ажырату үшін ауыл әкімдігіне бас сұқтық.

20220310 155654.mp4.Still004

– Ол бұрын 2005 жылы 24 мартта алған екен. Сол кездегі шешіммен, негізінде  Шиелідегі Гигант Бидайкөл елді мекеніне малы тіркелген. Оны сұрастырдым, бізде ешқандай малы тіркелмеген. Қалай болады деп сұрастырдым. Сөйтсем биыл келіп тіркелсе заң бойынша солай болады деді. Солай ескерілді – дейді Қайрат Пірманқұлов, Қарғалы ауылының әкімі.

Заңға сүйендік деген әкімдер осылайша ауылдың меншігіндегі жайылымдық жерлерді  басқа кәсіпкерлерге таратуда. Шенділердің бұл шешімімен шаруалар келіспей отыр. Егер де мәселе жақын арада оң шешімін таппаса ауыл ақсақалдары елордаға аттанбақ.

Автор: Нұрдәурен Жардемхан

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x