Әкім орынбасары кәсіпкермен ауыз жаласып, жер учаскесін тегін берген

a00b3f34ce751ee8959d245f5dd2248d original.387444

Атырау облысында сауда-саттықтан тыс табысталған жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 гектар жер учаскесі үкіметке қайтарылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Атыраулық прокурорлар Мақат ауданының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметінде жүргізілген елеулі бұзушылықтарды анықтады. Атап айтсақ, тексеріспен мемлекеттік қызмет көрсету, міндетті конкурстық рәсімдерді елемеу және аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау деректері белгілі болды. Сауда-саттықтан тыс жер учаскелерін заңсыз алған тұлғалар қатарында жер комиссиясының мүшелері де бар.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарларының бірі бюджетке тиісті төлемсіз кәсіпкерге жер учаскесін тегін берген.

– Прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен аудан әкімінің екі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылса, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ӘҚБтК 137-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. – деп мәлімдейді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x