Адам папиллома вирусына қарсы екпе басталады

6544fea8667a4123326439

Осы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 11 жастағы және одан жоғары жасөспірім қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе қабылдау басталады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агентті.

Бұл екпе білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде тегін салынады. Сондай-ақ, жасөсіпірімдердің заңды өкілдерінің келісімі арқылы аталмыш вакцинаны тұрақты тіркелген емханалардан қабылдауға мүмкіндік қарастырылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

– Адам папиллома вирусы – әлемде кең таралған қауіпті аурулардың бірі. Бұл вирустың 190-нан астам түрі бар болса, оның 13-і қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Аталмыш ауру – жыныстық қатынас арқылы таралады. Инфекция көп жағдайда еш симптомсыз өтетіндіктен, адамда бұл вирустың бар-жоғын арнайы зертханалық талдаудан кейін анықтауға болады. Жатыр мойны обырының дамуы АПВ инфекциясына байланысты екені ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан да қауіпті инфекцияның алдын алудың жалғыз жолы – вакциналау, – деді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА. 

Профилактикалық екпе түрлі инфекциялардың алдын алады. Осыған сәйкес, бүгінде облыста 216 екпе кабинеті мен 43 жылжымалы егу бригадасы жасақталған.

– Қазіргі таңда аталмыш вирусқа қарсы вакциналауды енгізу жұмыстары басталды. ДДСҰ 9-14 жас аралығындағы қыздарды вакциналауды ұсынуда. Осыған сәйкес, біздің елімізде 11 жастағы және одан жоғары жасөспірім қыздарды ауруға қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Жалпы ҚР Денсаулық сақтау министрінің мәліметі бойынша, АПВ қарсы 175 мың адамды қамту межеленіп отыр. Айта кету керек, жасөспірімдерді вакцинациялау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен және дәрігердің жіті тексеруінен кейін ғана жүргізіледі, – деді ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АЙГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА.

Онкология орталығы директорының орынбасары Индира Бақтыбаеваның сөзінше, бүгінде елімізде АПВ вакциналарының 4 түрі тіркелді. Ол адам паппилома вирусы төрт түрінен қорғайды. Тиісінше, онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обыры бесінші орында.

 

 

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x