200-ден астам жұмысшы жаңа басшының келуіне наразы!

S3530001.MP4.Still003

Сыр өңірінде теміржолшылар бас көтерді. «Қызылорда пайдалану локомотив депосы» мекемесінің 200-ден астам жұмысшысы жаңа басшының келуіне наразы. Себебі бұл басшы бұл қызметте 19 жыл отырып, былтыр ғана ұжымның арызынан кейін жұмыстан қуылған екен. Мұнымен келіспеген ол сотқа арыз жазып, қайта орнына келіпті. Пойыз машинистері бұл басшымен алдағы уақытта жұмыс жасаса алмаймыз дегенді дөп басты, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

S3530001.MP4.Still001

Қызылорда пайдалану локомотив депосы мекемесінің акт залында ине шаншар жер жоқ. Жиылғандар Жұлдызбай Мұсаевтың ұжымға басшы болып келуіне қарсылық білдіруде. Себебі оның кезінде айлық аз болып, қосымшалар мен сыйақылар төленбеді дейді машинисттер. Сонымен қоса бұл қызметте экс басшы 19 жыл отырған көрінеді.

S3540017.MP4.Still001

– Ашынды, тойынды, пределға келді. Былтыр ұжымдық арыз тастадық басшыға қарсы. Комиссия келіп жұмыс жасады Астанадан, жұмыстан шығарып жіберді оны приказбен. Астана қаласының Есіл аудандық сотының решениесімен восстановить в должности деп шығарып беріп тұр. Біз ол решениеге қарсымыз. –дейді ҒАНИ ӘЛІМБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ПАЙДАЛАНУ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ МАШИНИСТІ

S3540017.MP4.Still002

– Неше жыл бойы топливоның ақшасын төлемей келді. Сөйтсек оказывается біздің де көзіміз ашық, көкірегіміз ояу ғой жан-жаққа командировкаға барған жігіттер көрген. Басқа жерлерде төленіп жатқанын, бізге келсек өзі распоряжение өкім шығарады. Мынадай техскорость жасамасаңдар сендерге төленбейді дейді. Неге?- дейді МҰРАТЖАН БЕКЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ПАЙДАЛАНУ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ МАШИНИСТІ

S3540017.MP4.Still004

Ұжымның жиынына қатысқан бұрынғы-жаңа басшы болса өз жұмысшыларына оңайлықпен қызметін босатпайтынын жеткізді. Әріптестеріне өз еркімен арыз жазыңдар не болмаса сайлау өткізіңдер деп мысқылдады.

S3530001.MP4.Still002

– Болмаса міне басшылық отыр, прокурор отыр. Ондай болса депоға басшыны сайлау арқылы тағайындауды шешіңдер. Сайлау болсын. –дейді ЖҰЛДЫЗБАЙ МҰСАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ПАЙДАЛАНУ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

S3540017.MP4.Still005

Бұл ұсыныс ұжымның да Қазақстан Теміржолдары тасымалы өкілінің көңілінен шықпады. Бұл мекемеге жауаптылар алдағы уақытта депошылардың ұсыныс-пікірін ескере отырып, шешім қабылдайтындарын айтты.

S3540017.MP4.Still003

– КТЖ Жүк тасымалы мекемесінің басшылығы бар менде осы жиында болған жағдайды айтамын. Бізге 1-2 күн уақыт беріңіздер. Басшыға егерде жұмысшылар қарсы болатын болса мен ойлаймын басшы өз жұмыс орның тастап басқа жаққа кетуі керек. – дейді БАТЫРХАН БАЗАРБАЕВ, ҚТЖ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ ЖШС БАТЫС ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚОСАЛҚЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Теміржол басшылығы жиналғандарға осылайша уәде етті. Депошылар болса егерде жақын арада мәселе оң шешімін таппаса жұмысты қойып,  Астанаға барамыз дегенді айтты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x