20 мыңға жуық көшет отырғызылды

420300605 722613730059874 5558481974377800317 n

Сыр елінде жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 20 мыңға жуық саялы ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сенбілікке қатысып, «Қорқыт ата» халықаралық әуежайы аумағына ағаш екті.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді.

Сенбілікте Қызылорда қаласы аумағына 3000 түп көшет отырғызылды. Студенттер, жастар ресурстық орталығы мамандары, еріктілер “Тағзым алаңы” мен “Бауырластар бейітінің” аумағын тазартты. Іс-шараға барлық елді мекен тұрғындары, еңбек ұжымдары мен белсенді жастар қатысуда. Облыс бойынша 1119 мекемеден 14611 адам қатысып, жұмысқа қоқыс жинайтын 219 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде полигондарға 299 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Еске салсақ, өткен жылы абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 6,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұған 51 жоба жүзеге асырылды, 77 шақырым болатын 58 көше жарықтандырылды, 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 6 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды. Тағы 17 көпқабатты тұрғын үйдің 5 аулаішілік аумағы абаттандырылды. Демеушілер есебінен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері қапталып, 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы көркейтілуде.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x