12 қылмыстық топ ұсталды

1578558441 news b

Республика көлемінде үш күн бойы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілген болатын. Нәтижесінде 141 мал ұрлығы ашылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

ІІМ Баспасөз қызметінің мәліметінше, операцияны жүргізуге 4 мыңнан аса полиция қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату деректерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар мен мал сою цехтары тексерілген.

– Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағытта жұмыс жасалып жатыр, деді  ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x