100-ден астам кәсіпкер лицензиясыз арақ шарап сатқан

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкогольді сату міндетті лицензияны талап етеді. Алматы облысының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында рұқсат қағазынсыз алкогольдік өнімдерді сатып, салық төлеуден жалтарған 117 жосықсыз кәсіпкер анықталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қадағалау органының бастамасы бойынша құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 463-бабы (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

9 мыңнан астам бөтелке түрлі алкогольдік өнімдер тәркіленіп, жойылды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерін сәйкестік сертификаттарынсыз (және белгілерінсіз) сатуға тыйым салынады және Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес техникалық регламенттердің тиісті талаптарына сәйкес. – деп мәлімдеді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x