1 наурыздан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

58461

Еліміздің сегіз облысында ауыр жүк көліктеріне қатысты шектеу енгізілмек, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

КР Көлік министрлігінің Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш ереже бірінші наурыздан бастап бірінші сәуірге дейін қолданылады.

Атап айтқанда Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстарының трассаларында бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу шаралары жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қатысты қолданылмайды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар