1 млрд-қа жуық қаржыға салынған мектеп сын көтермейді?!

20220215 111557.mp4.Still001

Қызылорда қаласында 974 миллион теңгеге салынған мектеп сын көтермей жатыр.  КБИ мөлтек ауданынан салынған 600 орындық білім ордасынан қоғам белсенділері бірқатар кемшіліктер анықтаған. Атап айтсақ мектеп ауласындағы  спорттық алаңдар стандарттарға сай келмейді екен.  Тиісті қоршаулары болса әлі қойылмай, доп теппек болған балаларға қақпа да жоқ көрінеді.

20220215 111557.mp4.Still005

№282 мектеп-лицейі 2021 жылы ақпан айында оқушылардың игілігіне берілген. Қазіргі таңда 600 орындық білім ұясында 31 сыныпта 700-ден астам оқушы білім алуда. Былтырғы жылы ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестікке арыздан көрінеді. Басты уәж қомақты қаржыға салынған лифтінің жұмыс істемеуі екен. Нысанның құрылысымен таныспақ болған мобильдік топ бірқатар кемішіліктерді анықтапты.

20220215 111557.mp4.Still004

– Барлық әткеншектер, горка, профессиональные футбольные ворота госномері көрсетілген бірақ біз бағдарлау барысында олардың әншейін темірмен сваркамен жасап қойғаны анықталды. Горкалар баланың жамбасымен түсетін жерге бірден дөп етіп түспейтіндей қылып жасалмаған. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қалыптасқан ортаға бейімдеу мақсатында барлық мектептер олардың жүріп тұруына ыңғайлы болуы керек. Ал бұл жерде ол қаралмаған, еш мүмкіндік жоқ – дейді Ләззат Бақтыбаева “Әділдік жолы” РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының жетекшісі.

20220215 111557.mp4.Still002

Мектептің ішінде де проблемалар жетерлік. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қабаттан қабатқа жеткізетін лифт іске қосылмай тұрған көрінеді. Істеп тұрғанымен тиісті құжаттары жоқ.

-Талқылау барысында анықталғаны мердігер компанияның өкілі кепілдік мерзімінің ішінде істеп беретін болды. Енді оның бір құжаттары бар екен. Оған енді нақты талаптар қойылып, орындалатыны жөнінде уәдесін алды. Заң жүзінде асатын болады. – деді директор қызметіне келгеніне екі күн болған Болат Шораев.

20220215 111557.mp4.Still003

Білім ордасын соққан мердігерлер кемшіліктердің барлығын осылайша құрылыс нысанының кепілдік мерзімі біткенше қарашаға дейін жоямыз деп отыр. Мұғалімдер мен ата-аналарды  мазалап отырған тағы бір мәселе ол қабырғаның жарылуы. Бірінші қабаттан бастау алған кішкене сызық үшінші қабаттан үлкен жарыққа айналыпты.

20220215 111557.mp4.Still006

Мәселенің мән-жайын білмек болып тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс басқармасына барған едік. Ондағы шенділер бұл нысан облыстық білім басқармасының теңгерімінде деп сұхбаттасудан бас тартты. Білім басшылары да пікірлесуді жөн көрмеді. Олар тапсырыс берушілерден жауап алуымызды өтінді. Осылайша екі басқарма бір-біріне сілтеп, жауаптылықтан бас тартып отырған кезде жарық ұлғайып, бір жылдық қана  тарихы бар мектеп апатты деп танылмауына кім кепіл?

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

3 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x