Өз қанымды өзгеге бермеймін!

3

Қызылорда облысында жақын туысына өз баласын асырауға берген отбасы ата-ана құқығын қайтара алмай отыр.

Гүлназ Төребаева осыдан 4 жыл бұрын нәресте сүйе алмай отырған қайын інісі мен келініне өзінің жаңа туылған сәбиін асырауға берген. Кейіпкеріміз мұны қазақтың салт-дәстүріне сәйкес үлкендердің батасын алып, жас отбасының  түтіні үзілмесін деген ойда жасапты. Тіптен сол кезде сот арқылы жақындарына ата-ана құқығын да беріпті. Алайда бұл ырым өз жемісін бермеді, араға 4 жыл салып қайын інісінің шаңырағы шайқалып, келіні кетіп қалған. Асырап алған баласын бастапқыда отбасыға тастап кеткен ол көп ұзамай 4 жасар Мейіржанды алып кетіп, туғандарымен араластырмай қойыпты.

23-ші декабрь күні қайын ініммен бардық, мен уже шыдамадым. Сөйлестік, көнбеді келін әрі-бері айттық енді. Атамыздың туған күні еді, барлығы болсын үйде деп айтып едік көнбеді. Сөйтіп қайын інім алып кетті, менің де балам, заңды түрде қазір ажырасқан жоқпыз деп. Сонымен алып келдік үйге -дейді Мейіржанның туған анасы Гүлназ Төребаева.

Төрт жасар ойын баласы екі оттың ортасында қалғанынан бейхабар. Мейіржан қазір өзінің аға-інілерімен енді-енді тіл табысып, ойнап келеді. Мінезі тұйық екенін көрген жақындары балабақшаға беріпті. Асырап алған анасы Мейіржанды бұған дейін ешқандай садикке бермеген. Содан осындай болып қалған. Екеуінен басқа ешкімді көрмеген ғой. Мен арасында алып келіп ауылдағы садикке беріп, тәрбиелеп жүрдік. Апарамын алып келемін, екі ортада жүрдім мен алаңсыз. Қайтсем де осыларды үй-жай қыламын деп. Бірақ оған келін көнбеді– дейді балдырғанның әжесі.

Расында Мейіржанның өгей анасы қазір сот арқылы алғашқыда ажырасып, сосын баланы өзіне қалдырмақ екен. Мен де жүрек басып қалдым деген ол ұлдың туған анасы мен әкесіне заңға жүгінсін, былайнша баланы қайтармаймын деп дөп басып айтты. Ал оның қай отбасыда қалатынын алдағы уақытта сот шешеді. Балдырғанның жақындары судьялардан тек шешім шығарар алдында Мейіржанның туған әкесі мен анасы бар екенін ескерсе екен деп тілейді.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x