Өздерін екінші сорттықтар деп санайтын Қызылордалықтар

WhatsApp Image 2022 02 12 at 17.10.18

AZATTYQ NEWS ақпарат агенттігіне Қызылорда қаласының Шанхай мөлтек ауданында тұратын тұрғындар балаларымыз спортпен шұғылданайын десе бір спорт алаңы жоқ, бір мәдениет ошағы жоқ“- деген базынасын айтты. Бала болып доп теуіп, спортпен шұғылданып өспеген жастардың болашағы кемел болуы екі талай дейді шанхайлықтар. Мөлтек ауданында  спорт мектебінің аумағында жасанды газон төселген жалғыз футбол алаңы бар екен. Алайда ол жерге кіріп, ойнау мүмкін емес екен.

WhatsApp Image 2022 02 12 at 17.10.19 2

Алаңның жоқтығынан балдар көшенің ортасында доп теуіп ойнайтыны және бұл жағдай тұрғындар арасында көбінесе дау тудыратыны Шанхайлықтарды қатты аландатады. Тіптен еліміз тәуелсіздік алғалы бұл жерде салынған әлеуметтік нысандарды саусақпен санап шығуға болады дейді олар. Балаларының болашағын ойлаған жұрт ұл-қыздарын қала ортасында орналасқан ақылы стадионға беруден басқа амалдары қалмапты.

WhatsApp Image 2022 02 12 at 17.10.19

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жатырмыз. Осы уақытта Шанхайда бір әлеуметтік нысан салынған жоқ. Мемлекеттік- жеке әріптестік аясында тек мына №2 поликлиниканы ауыстырды. Осы көшеде қазір 30-40 бала бар. Көшенің ортасына келіп ойнаса, үлкен кісілер маза бермей жатсыңдар деп айқайлайды. Ойнама десең, олай да болмайды. Балдарға ойын алаңы керек дейді Шанхай мөлтек ауданының тұрғыны Талғат Рүстемов.

Сонымен қатар балалардың бос уақытын ұйымдастыратын спорттық үйірмелер ауданда жоқтың қасы. Одан бөлек, кішкентай бүлдіршіндерімен таза ауаға шыққысы келген жас келіншектердің балаларын апарар алаң да, саябақ та жоқ көрінеді.

WhatsApp Image 2022 02 12 at 17.10.19 1

Қорқыт ата көшесінен сонау Хом Бом До көшесіне дейін, Құлтекеновтен Торайғыр көшесіне дейін қаншама халық тұрады. Осы территорияда тұратын халық екінші сорттағы адамдар секілді. Оның басты себебі, бұл аумаққа әлеуметтік нысандар ашылмағаны. Тұрғындар атынан 2000 жылдары акиматқа барып, өтініш жаздық. Ол іс әлі қарастырылмаған – деп өз пікірімен  Шекеркүл Шоқаева бөлісті. 

Мұнын барлығын теміржолдың арғы бетінде тұратын қызылордалықтар әлеуметтік теңсіздік деп түсінеді. Спортпен шұғылданайын деген жастар жергілікті билік тарапынан қолдау таппағаны тұрғындардың бойында реніш сезімі қалыптастырып отыр. Олар маргинал жастар осыдан пайда болады деп өз сөздерін түйіндеді.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x