"Әкімдер кәсібіме балта шапты"

кәсібіме балта шапты

 “Азаттық News” ақпарат агенттігіне Қазалы ауданының тұрғыны Венера Тайлақбаева есімді азаматша арызданды.  Еуропаның бес елімен байланыс жасап, кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкердің айтуынша жергілікті билік жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр екен.

Венера Тайлақбаева 2020 жылдың наурыз айында Голландия, Дания және Германия елдеріне қамысты экспорттауды қолға алады. Қазақстанның сортаң, құмды жерлерінде өсетін астық тұқымдас өсімдік дамыған Еуропада құрылыс материалы ретінде сұранысқа ие болса керек. Кәрі құрлық азаматтары қамысты үйлерінің төбесін жабуға табиғи өнім ретінде пайдаланады екен. Сол себепті жас кәсіпкер бір жыл ішінде шетелдіктерден 750 млн теңгеге тапсырыс алады. Бизнес жоспарын іске асыру үшін шабындық жер қажет болған соң Венера Тайлақбаева Қазалы ауданының әкіміне кіріп жер сұрайды. Шенеуніктер кәсіпкерді мақұлдап, Қызылқұм ауылдық округы Кәукей ауылына жіберген екен. Елді-мекенде жаңа жұмыс көзі ашылады деп бөріктерін аспанға атып қуанған ауыл ақсақалдар кеңесі 1 мың гектар шабындық беруге рұқсаттарын берген. Қызықтың барлығы осыдан кейін басталыпты. Көрші Бозкөл ауылының әкімі бұл жер бізге тиесілі деп шу шығарыпты. Шу шығарып ғана қоймай бұл жерлерді өзге кәсіпкерге береді. Жұмыссыз қалған жас кәсіпкер ауданға арызданып, бұл шабындықтың қай ауылға тиесілі екенін шешіп беруін сұрайды.  Аудандық жер қатынастары зерттеп, бұл жер Кәукей елді-мекеніне қарайтыны жайында шешім шығарады. Ақ-қарасын ашып алып, енді жерді жалға алуға кедергі болмайтын шығар деген Венера Тайлақбаева тағы да қиындықтарға тап болған.

Бозкөл ауылының әкімі өз қарындасын тықпаштады,  Ақылбек Бөлейдің Кәукейде Бөлебай Бағдагүл деген қарындасы бар екен, сонымен олар қарындасының атынан ТОО ашты “Кәукей Қамыс” деп 31-желтоқсанда ашты. Сол арқылы шетелдіктерге шаптыртып жатыр осы тұрғанда. Ол алған мекеме шетелдікті кіргізіп, Қожахмет Дәуренбек дегеннің жері ол кеше конкурспен алды жайылымдық жер деп. Мен көрдім, бірақ жайылымдық жер деп тұрған соң мен қатысқан жоқ едім конкурсқа, маған керегі шабындық жер ғой. Сөйтсек олар келісіп жеркоммен жерді жайылымдық қылып ала берген екен біздерді конкурсқа қатыстырмау үшін. Алып алды да жерді қарындасына берді әкім -дейді Венера Тайлақбаева.

Осыдан кейін кейіпкеріміз аудандағы атқа мінерлер мен құзырлы органдарға арызын жаза бастайды. Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімі тексеруден кейін бұл жерлер Бөзкөлге емес Кәукей ауылына тиесілі екенін анықтайды. Қарындасының жұмысын жүргізді деген әкім болса расында жер көрші ауылға тиесілі болып шыққанын растап отыр. Алайда қарындасыма әдейілеп жағдай жасаған жоқпын деп дөп басты.

Мен бір кәсіпкер өтініш айтып келгесін, 5 ауыл адамын жұмысқа алды сосын жерді бергенмін. Сонымен Венера Тайлақбаева дау шығарды. Сонымен айтысқанбыз. Координатын ататын мамандарға екі рет па зерттеттім. Біздікі емес Кәукейдің жері деген соң кәсіпкерді шығарып жібердім. Мен ол жақты қойдым, бірақ прокуратураға, тәртіптік кеңеске барлық жерге арызданды ол. Сонымен мені тәртіптік кеңеске салып, сөгіс деген жазамды алдым. Енді Кәукей деген жерде менің туған қарындасым бар, өзі кәсіпкер күйеуі де кәсіпкер. Мен 14 ағайындымын, әр жерде менің  қарындастарым, барлығын мен “крышавать” етпейтін шығармын?! Ола ана жерде пайда бар екенін білді де, өздері жұмыс істеп кетті. – деді Бөзкөл ауылының әкім Ақылбай Бөлебай.

Венера Тайлақбаева бұл айтқанмен келіспей отыр. Қалыптасқан мәселені зерттеу үшін ауданнан келген комиссия барлық кәсіпкерлер үшін қамыс ору жұмыстарын тоқтату жөнінде талап қойыпты. Бірақ шетелдік азамат әлі күнге дейін шабындық жерлерде өз жұмыстарын жалғастырып келеді дейді кәсіпкер. Күніне қамыс тиелген ауыр көліктер жөнелтіліп жатқанын ауыл тұрғындары да шенеуніктер де көріп отырған көрінеді. Жоғарыдағы байланыс, тамыр таныссыз бұл қалай мүмкін? Венера болса бір жылдан аса әлі күнге дейін облыстан мақұлдаманы күтіп отыр. Жас кәсіпкер қазір жергілікті тұрғындардан құралған 35 жұмысшыларды таратып жіберуге мәжбүр болыпты. Себебі оларға төлейтін ақша жоқ екен.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x