Қызылорда су жүйесінің жұмысы жұртты әбігерге салды

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.51 2

“AZATTYQ NEWS” ақпарат агенттігіне Нұрмақов көшесінің тұрғындары базынасын жеткізді. Айтуларынша, Қызылорда су жүйесі мекемесі кәріз құбырын жүргіземіз деп, асфальттің тас-талқанын шығарыпты. Тұрғындар арыз-шағымдарын айтқанымен жауаптылардан еш нәтиже жоқ көрінеді.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.49

Қызылорда қаласының Нұрмақов көшесінде кәріз құбырын жүргізу жұмыстары 2021 жылдың жаз мезгілінде жүзеге асқанымен, әлі күнге дейін тұрғындардың мазасын алуда. Олардың пайымдауынша, кәріз орнатқандар жарты жыл уақыт өтсе де қазылған тас жолды ретке келтірмепті. Осының салдарынан  түзу жолдары ойылып, қазіргі таңда көше тұрғындары үшін қолайсыздық тудыруда.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.01

“ Кәріз құбырын жүргізгенімен, бір айдан кейін авария болды. Барлық үйдің үстіне кәріз суы құйылды. Оған қоса мүңкіген иістен құтыла алмаймыз. Жол мәселесіне келсек, балаларымыз немесе көлік шұнқырға түсіп кетеді деп қорқамыз. Қала әкімі хабардар, өйткені біз 6 айдың көлемі болды осы мәселені әлеуметтік желіге, Су жүйесіне де қозғадық. Оған жұмыстар атқарылады деген сөзден басқа әрі қарай ешқандай нәтиже болмай отыр”,- деп Нұрмақов көшесінің тұрғыны Тоқтар Мырзамбетов өз ойымен бөлісті.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.50 2

Бір кәріз құбыры, одан туындаған мыңдаған проблема. Тұрғындардың пайымдауынша, жол мәселесінен бөлек құрылыс қалдықтары көше бойында әлі күнге дейін шашылып жатыр екен.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.02

“Біздің бұл суымызды ашып-жабатын яма ғой, үйде авария болып қалып жатса қолданатын. Олар бұның үстіне мусорларын, бетондарын тастап кеткен. Оны қашан алатынын қайдам, алмай жатыр. Үйде су кетіп жатса, тұрған бетонды қозғалта алмаймын ғой. Ол кезде не болады?”,- дейді Сұлтан Нұрмаханов, Нұрмақов көшесінің тұрғыны.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.01 2

“Нұрмақов көшесінде кәріз құдық беттері бетон жапқышпен жабылып тұрғанына біршама уақыт болды. Түнгі мезгілде жарықтың жоқтығынан, көліктер осы тасқа келіп соғады. Салдарынан бірнеше мәрте су құбырлары жарылды. Барлық жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға жасадық. Ұзақ уақыт бойы өтініш айтып келеміз. Еш нәтиже жоқ”,- дейді Руслан Насибулин, Нұрмақов көшесінің тұрғыны.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.53

Шенеуніктер болса мұның барлығына мердігерлер жауапты дегенді алға тартады. “Су жүйесі” мекемесінің айтуынша асфальт қабатының бұзылуына байланысты қалыпқа келтіру жұмыстарын  “Арда құрылыс”  ЖШС-і кепілдік уақытына сәйкес атқаратын болады.

WhatsApp Image 2022 03 02 at 13.14.50

Көше тұрғындарын мазалап отырған тағы бір мәселе бар. Кешкі мезгілден бастап бұл көше тас қараңғыға батады екен. Себебі әлі күнге дейін жол бойындағы жарық бағаналары орнатылмаған. Түстен кейін оқып, мектептен кеш қайтатын ұл-қыздарын ата-аналар жолдан қарсы алуға мәжбүр. Жергілікті билік кәріз құдықтарын жақын арада тиісті деңгейде жаппаса бұл жерде қайғылы оқиға орын алмауына кім кепіл дейді тұрғындар.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x