Қызылордада газ қашан арзандайды?

WhatsApp Image 2022 03 04 at 13.23.07

Бүгін Қызылорда қаласында газ тарифине қатысты сараптамалық комиссияның қорытынды есебі өтті. Жиынның басты мақсаты халықтың әлеуметтік жағдайына маңызды көгілдір отынның бағасын төмендету бойынша шаралар ұсыну.

WhatsApp Image 2022 03 04 at 13.23.08

Сыр өңірінде 2021 жылдың 7-ші қазанда газ бағасы тарифінің құрылымын, газ өндіру және мониторинг жасау мақсатында Қоғамдық кеңес тарапынан комиссия кұрылды. Зерделеу жұмыстарын жүргізген комиссия мүшелері көгілдір отынның бағасы Қызылорда облысында  2015-2016 жылдан бері көтеріліп келе жатырған сөз етті.  

WhatsApp Image 2022 03 04 at 13.42.51

“Қызылорда облысында газдың бағасы 18 теңгеден. Қазіргі таңда Атырау облысында газ 5 теңге, Ақтөбе облысында 11 теңгеден. Біздің облыста болар болмас 1 теңгеге түсіріп отыр. Газдың бағасы есептеу арқылы облысымызда Батыс өңірлерімен шамалас 11-12 теңге болу керек деп ойлаймыз”,-деді Болат Нұрхожаев, Сараптамалық комиссиясының төрағасы.

Комиссия мүшелері жауапты тараптан инвестициялық қаржы жойылған жағдайда газдың бағасы қаншаға түсе алады деген есепті талап етті. Алайда Сараптамалық комиссиясының төрағасына жауаптылар тұшымды жауап бермеді.

“Сіздің баяндама ақпаратыңызды тындадық. Бірақ баяндаманы ертерек анализ жасап бергенде біз сол сұраққа дайындалып келер едік. Қазір бұл сұраққа ештеңе айта алмай отырмыз”,- деді “ҚазТрансАймақ” АҚ  Қызылорда өндірістік филиалының өкілі.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x