Қызылордадағы өртенген құс фабрикасына тиісті көмек берілмек

430051923 3005358612932603 7894686260679315457 n

Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы өртенген құс фабрикасында облыс әкімінің орынбасары барды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оқиға орнына барған Ардақ Зебешев фабриканың иесі Мұрат Сарсенбаевқа тиісті қолдау болатынын айтты. Оның сөзінше, фабрика жұмысшыларына жаңа жұмыс тауып беру мәселесі қарастырылады.

– Құс фабрикасындағы өрт бізді қатты алаңдатты. Мұнда қаншама еңбек, қаржы жұмсалды. Өте өкінішті жағдай. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Дегенмен, материалдық шығындар бар. Бұл мәселе аймақ басшысының бақылауында. Кәсіпорынға тиісті қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден болғанын анықтайды, -деді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар