Шешімін таппаған жалақы дауы

20220301 163523.mp4.Still003

Қызылорда қаласында “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” Акционерлік Қоғамының жұмысшылары еңбек ақының 50 пайызға көтерілуін талап етті. Мұнайшылардың пайымынша соңғы жылдары басшылық тарапынан еңбектері еленбейтін көрінеді.  Қара алтынды өндірушілер ақыр соңы ҚР Президентіне үндеу жариялапты.

“ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ сонау 90-шы жылдардан бастап Қызылорда облысында мұнай өңдеу жұмыстарын жасап келеді. Мұнайшылар 2018 жылдан бері еңбекақының мардымды көтерілмейтінін сөз етті. Бірнеше мәрте жұмысшылар кен орны басында ұжымдық жиналыс жасап, осы мәселені сөз еткен көрінеді. Дегенімен компания басшылығы кеншілер сұрауын қанағаттандыруды жөн көрмеген. 

WhatsApp Image 2022 03 01 at 19.23.27

Біз Қызылорда облысы “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ мұнай компаниясының ұжымы өзімізге берілген конституциялық құқығымызды ҚР 2007 12-қаңтардағы 221 заңынның 1 тармағы 4-пунктінде көрсетілген құқықтарымызды пайдалана отырып, еліміздің Президенті, Ата заңымыздың гаранты Қасым-Жомарт Кемеұлы Тоқаевқа видео үндеумізді жолдаймыз. Президент мырза, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жалақы көтеру мәселесі соңғы 3 жылда ойдағыдай шешілмей келеді. Осыған дейін жұмысшылар атынан компания басшылығына 3 жыл ішінде 2 ұжымдық хат жолданған болатын. Алайда басшылық тарапы қойылған талаптарды толық ескермей, қанағаттанарлық іс-шара атқарудың орнына әр түрлі ойға сыйымсыз сылтауларды айтып, түрлі психологиялық қысым көрсетіп, өзекті мәселенің түпкі шешімін көрсетпей келеді. Сондықтан біздің ұжымға құлақ асып, жалақымыздың кем дегенде 50 пайыз өсуіне ықпал етуіңізді талап етеміз!  “Мұнайшылардың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуінен үзінді”

20220301 163523.mp4.Still005

Кен орындарында тынымсыз еңбек етіп жүрген мұнайшыларға осыдан кейін компания басшылығы өз позияциясын өзгертіпті. Инфляцияны сөз еткен акционерлер жұмысшылардың жалақысын көтеруге келісім беріпті.

20220301 163523.mp4.Still001

– 31-күні Президентке жасаған үндеуімізден кейін компания тарапынан общий мысалы мың жарымдай сотрудник бар бізде 15 пайыз көтеру жөнінде ішкі приказ шығарды. Индивидуальный программа бар әр сотрудникті бағалайтын бізде соны қосып, жұмысшыларға 30 пайызға апарып отыр. Кейбіреулеріне тек 15 пайыз, біз мұнымен келіспей отырмыз. Себебі елімізде білесіздер гиперинфляция жүріп жатыр. Біздің тапқан табысымыз жасаған еңбегімізге сай емес – дейді Аман Нәбиев, “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ-ның 4-разрядтағы операторы.

20220301 163523.mp4.Still004

– Техникалық қауіпсіздікті сақтағаны үшін, көлденең шығын болмағаны үшін әр операторға 20 мың теңгеден беріледі. Соны 8 ай тоқтатып қойды пандемия кезінде. Біз оған мақұл дедік. Айлық көтерер уақыт тура келді да сол 20 мыңды қосты да сонымен 20 пайыз шығарды. Өзіміздің бұрынғы ақшамыз. ПетроҚазақстан компаниясы Қазақстанға келген ірі инвестор компаниялардың ондығына кіреді. Сөйтіп отырып постоянно осындай, обязательно біз шығындамыз, жағдайымыз келмейді, мүмкіндік жоқ дейді. Бұл қалай сонда, мүмкін емес қой – дейді Айтмағанбет Жаңабаев, мұнай компаниясының қызметкері.

20220301 163523.mp4.Still006

Мұнай компаниясының әкімшілігі ғимарат алдына жиналған жұмысшыларды ішке кіргізіп, тағы да шығындарын сөз етті. Айтуларынша, 2020 жыл ПетроҚазақстан үшін оңай болмапты.

20220301 163523.mp4.Still002

– 2020 жыл общий совокупный доход за год минус 2 млрд 600 млн. 18,5 млдр біз ҚазГермұнайдан дивиденд алдық. Мұны общий доходқа қосқанның өзінде минус 2 млрд. 600 млн деп отырмыз. Мынау независимый аудитордың заключениесі. 2021 жыл мұның  аудиторлық закючениесі 31 март күні шығады. Бұл жерде предварительно көрсетіп тұр 19,8 млрд-пен пайдаға шығуымыз керек. Оның 11,8 млрд-ы қайтадан ҚазГермұнайға дивиденд. Петроның өзі таза 8-ақ млрд-пен шығып тұр бір жылға. Где-то 18 млн доллар ғой. Ол акционерлердің бір жылда жұмыс істеп тапқан пайдасы. Оның 33 пайызы ҚазМұнайГазға кетеді, қалғаны СНПСИ-ге кетеді -дейді Қуаныш Ажибеков, “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” Акционерлік Қоғамының бас бухгалтері.

20220301 163523.mp4.Still007

Осылайша мұнайдан түскен қомақты қаржы екі акционерге бөлініп бермек екен. Басқарма төрағасының еңбек ресурстары жөніндегі орынбасары Суфия Даминова ханым жиналған жұмысшыларға 30 пайыздан артық жалақыға қосымшадан үміт күтпеңіздер деп дөп басты. Компания қызметкері елу пайыз мәселесін тек акционерлер шешеді деп өз сөзін қорытындылады. Мұнайшылар болса мұнымен келіспейтіндерін жеткізді. Күннің ыстығы мен суығында кен орында нәпақаларын тауып отырған олар соңғы 6 жылда мұнай өндіру жоспарын жүз пайызға орындап келеміз. Сол себепті еңбегіміз де лайықты бағаланса екен дейді.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

4.3 10 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x