Сыр өңірі негізгі даму көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда

431777064 708308578157056 7932495765746825286 n

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша Қызылорда облысы алдыңғы қатарға шықты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады. Вице-премьердің айтуынша, Сыр өңірі негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш басында.

«Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Инвестициялар көлемі құрылыста 2,7 есе, білім саласында 56%-ға, көлік және қоймалауда 47%-ға өсті. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалды»,деді НҰРЛАН БАЙНАЗАРОВ.

Вице-премьер экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз етуде баса назар аударылуы тиіс шараларды да атап өтті. Олардың қатарында жеке инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту, жаңасын іске қосу және т.б. бар.

Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім бойынша екінші орында екенін атап өтті.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x