Маңдай теріміз ақталсын!

Screenshot 4

AZATTYQ NEWS ақпарат агенттігіне “РЦКУ-Қызылорда” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы арызданды. Облыс көлемінде пәтерлер мен үйлерді газға қосу, газ есептегіштерін орнату және оларды ауыстырумен, тексерумен айналысатан серіктестік қызметкерлері алдағы аптадан бастап жұмыстарын тоқтатпақ. Осыдан үш күн бұрын ұжым ЖШС-ның басшысына кіріп айлық көтерулерін талап еткен көрінеді.

РЦКУ-Қызылорда-ның қызметкерлері бір ауыздан “алып отырған ақшамыз еңбегімізге татымайды” дейді. Азық-түлік бағасы күн сайын шарықтап бара жатқанын сөз еткен жұмысшылар басшылықтан жалақыны 50 пайызға көтеруін сұрапты. Ұжымда барлығы 150 қызметкер бар екен. Көпшілігі осы арызға қолдарын қойып, жоғарыдан үміттенген екен.

00071.MTS .Still004

– Басшылыққа хат жазып алдарына бердік. Жауап жоқ, үш күн болды. Мен жеке мәселемен Астанаға Президентке жазғанымда маған 3 күнде келген жауап. Ал осы жердегі басшыларда ондай жоқ, хабарын бермей отыр -дейді серіктестіктің бақылаушысы Қуанышкүл Тұрманова.

Бұл мекемеде еңбек ақы соңғы рет 2015 жылы көтеріліпті. Онда да 3 мың теңге қосылған екен. Жиналғандардың талаптарын тыңдауға еқбек қорғау департаментінің бөлім басшысы келді. Заң талаптарын түсіндіруге тырысқан шенеунік серіктестік қызметкерлерін сабырға шақырды.

00071.MTS .Still002

– Қазір бір жерде жиналып, араңдатушылық әрекетке жігіттер мен қыздар оған жол бермеңіздер. Сіздің талаптарыңызды мен кабинетте отырып қазір ғана естіп отырмын. Сіздердің тараптарыңыздан бізге ешқандай талап арыз келіп түскен жоқ. Біз естідік, біз осы жерге келіп отырмыз. Әрмен қарай біз өзіміздің тікелей бақылауымызға аламыз.Талап қойдыңыздар, қолды жинап беріңіздер, ұсыныңыздар. Жұмыс беруші өзі дербес шеше алса шеше алды, шеше алмаса келісу комиссиясымен құрылып, әрмен қарай мәселесін біз қараймыз. -деді Қызылорда облысы еңбек саласын бақылау басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Жапақов.

Серіктестің басшысы болса бұл мәселені дербес шеше алмайтындығын мойындады.

00071.MTS .Still001

– Біздің өзіміздің учредительдер бар. Соларға жібердік хатты, жауап күтіп отырмыз. Ол кісілер астанада. – деді “РЦКУ-Қызылорда” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамиля Аубакирова.

Серіктестіктің құрылтайшылары кімдер деген сұрағымызға басшы тіл қатпады. Осылайша 150 қызметкерлері бар бір ұжымның алдағы тағдырын енді елордада отырған белгісіз біреулер шешпек. AZATTYQ NEWS ақпарат агенттігі соңына дейін бұл мәселені бақылайтын болады.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 5 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ЖАНСАЯ
ЖАНСАЯ
2 years ago

Дұрыс айлыктарын котерсин қыста усип жазда ыстыкта журу, итке таланып , абоненттерден соз естип журу онай емес, бул кисилердин еңбегі зор!Озим осы РЦКУ жумыс жасадым 1 жыл, баска жерден жумыс кози табылганда жалакасы жоғары куана кеттим!Маселелери оңынан шешілуіне тилектеспин!!

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x