Елдігімізге көсемдер ескерткіші сын емес пе?

Screenshot 1

Біз кешегі қандыбалақ келмеске кеткен Кеңес үкіметінің тұсында 70 жылдай ғана бодандықтың қамытын киіп, ғұмыр кештік. Ал өзіміздің сонау бағзы замандардан бергі тарихымыз мыңжылдықтардан асады. Сөйте тұра, Қазалы қаласының қақ төрінде тұрған пролетариат көсемдерінің ескеркіші кімге керек? Неге бюсттер сүрілмейді?

“Тарихыңды білмей – болашағыңды болжай алмайсың” деген бар. Өткен ғасырда партияның ықпалымен “Күн көсем жасасын!” деп жүргенде сол кезеңдегі саясат солай болып орнатылған шығар. Бірақ бүгінде теңдікке қол жеткізіп, тарихымызды қоқыстан аршып алатын кез жетпеді ме?. Қиянатты, қастандықты айтатын мезгіл келді емес пе?

Неден тайсақтап жүрміз? Біздің бабалар рухының алдындағы борышымыз қайда?

Осы кісілер құрған жүйеден тәуелсіздік алғанымызға міне 30 жылдан асып барады. Сонда өзімізге ойран салғандардың ескерткішін не үшін сақтап келеміз?

WhatsApp Image 2022 03 12 at 15.09.43 1

 Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 миллион 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылады.

WhatsApp Image 2022 03 12 at 15.09.44

Жалпы мұндай ғалымдарымыз бен ағартушылардың, ашаршылық пен қуғын-сүргін тақырыбын терең зерттеген кісілердің дерегіне сүйенсең, тоталитарлы жүйенің саналы түрде қазаққа жасаған қастандығы бұрын-соңды болмаған трагедия екенін аңғару қиын емес. Мұнан бөлек, 1937-1938 жылы репрессия кезінде 25 мыңға жуық ұлт зиялыларының атылғанын есепке алсақ, Кеңес үкіметінің қанды шеңгелінің қаншалықты терең батқанын бағамдауға болады.

Әрине тарих пен деректен артық ештеңе айтуға болмайды. Бірақ қазіргі таңда Арал теңізінің ғаламдық  мәселеге айналуы, Семей даласының сынақ орнына орнап 500-ге жуық жарылыс болуының зардабын әлі күнге дейін тартып келе жатқанымыз жасырын емес.

Қазақ халқын геноцидке ұшыратқандардың сұлбасы біз туған қасиетті топырақта қаздиып тұруының себебі неде?

Міне, осындай сұрақтар еркін елдің естияр азаматы, Қазалы ауданының тұрғыны ретінде көкейде сауал туындатады!

Сондықтан біздің аруақ қонып, нар шөккен киелі топырақта қанішер қоғамның билікке қарақшылық жолмен келген жендеттерінің бюсттерінің тұруына саналы түрде қарсымын!

Есет Табынбаев, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x