Иттерге таланып жатқан Қызылордалықтар

701

Қызылорда қаласына қарасты Бәйтерек мөлтек ауданында тұрғындар қаңғыбас иттерден арыла алмай отыр. Көшелерде иттердің көптігі соншалық тұрғындар үйімізден шығудан қалдық дейді. Қоқыс қалдықтарын жеп жүрген жабайы жануарлар енді адамдарға атылып, талап жатыр. Күні кеше үш ойын баласын қабаған иттер тістеп, ауруханадар бір-ақ шығарған -деп хабарлайды AZATTYQ NEWS ақпараттық агентігі.

– Балам көрші балалармен ойнауға шыққан болатын. 10 минут болмай  балам жылап қайтып келді. Не болды деп сұрап едім алдымыздан үш ит шығып талады деді. Сол үш ит менің баламды құлатып, капюшонынан сүйреп әрі қарай алып бара жатқан. Итте қандай күш до такого баланы сүйрейтіндей. Екі жамбасынан тістеген, төменгі жағы санынан тістеген. Мына көршімнің баласын тобығынан тістеген алаңсыз жеген енді – дейді Бәйтерек мөлтек ауданының тұрғыны Елена Сорокина.

706

Тұрғындар жабайы жануарлардың басынғаны соншалық үлкендерге де шабуылдайды дейді. Жұмысынан қайтып келе жатқан 25 жастағы Бәйтерек тұрғынын төрт аяқты мақұлықтар бас салып талаған.

 – Құдайға шүкір, Алланың көзі түзу шығар мына көршілеріміз алыстан көріп қалып, екі жігіт әкеп тастады баламызды. Қолдарында күректері бар иттерді ұрып, сөйтіп қуып алып келді баламызды. Бірақ енді скорый келгенде де шындығы керек қой несі бар жасыратыны скорыйлардың өздері зорға кірді үйге жанағы иттер есік алдынан кетпей – дейді зардап шеккен азаматтың әкесі Дәуренбек Абсатов.

704

Ақ халаттылар болса ит тістеу дерегімен қаралған қызылордалықтардың саны артқанын атап өтті. Көпбейінді балалар ауруханасының өзінде былтырғы жылы 121, ал биылғы жылдың бір айында 25 дерек тіркеліпті. Қызылорда облысының ветеринария басқармасы болса қазіргі таңда жабайы жнауарларды аулау мен көзін жоюды тоқтатқандарын растады. Оған себеп ветеринарияға қатысты заңға өзгерістердің енгізілуі екен.

– Ветеринария туралы заңның 10-бабы 4.9-тармақшасына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістерге байланысты қазір қаңғыбас иттерді бірінші аулаудың ережесі, қағидасы белгіленді. Бұрын аулап жоятын едік, қазіргі таңда аулағаннан кейін ол итті бірден жоймай, уақытша ұстау орына апару керек- дейді Қызылорда облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағанбетов.

Осылайша ветеринарлар алдағы уақытта қаңғыбас иттерді жоймай, питомникке жайғайды екен. Әзірге Қызылорда облысында жануарларды уақытша ұстауға арналған орындар жоқтың қасы. Жоба сметалық құжаттарын дайындаған мамандар енді жергілікті бюджетке ұсыныс бермек. Ал бұл жоба іске асамын дегенше тұрғындарға өздерінің күшіне сенуден басқа амал қалмай отыр.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

4.5 11 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x