Жоғалған бала ата-анасына қайтарылды!

Қызылорда қаласында кеше түскі 14:30 шамасында 8-сынып оқушысы мектептен шығып үйіне оралмаған. 13 жастағы жасөспірімді ата-анасы алғашқыда өздері іздеп көрген. Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген соң ғана полицияға жүгінген.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан, таныстардан, көршілерден – баланың қайда екенін білетіндердің барлығынан сұрастыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, баланың мектептен шығып, қоғамдық көлікке отырғаны және ұялы телефонын жоғалтып алғаны белгілі болды.  Ұялы телефонының жоғалғандығы жайлы ата-анасына қалай айтарын білмеген жасөсіпірім үйіне баруға қорқып, көше кезіп жүре берген. Түңгі сағат 01:40-таполиция қызметкерлері баланы қала көшелерінің бірінен тауып, ата-анасына тапсырған. Баланың жақындары тиянақты әрі жылдам жұмыс атқарғандары үшін полиция қызметкелеріне алғыс айтты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x