Елеусіз қалған тұрғындар

WhatsApp Image 2022 02 14 at 18.19.04

Колумб Американы ашса, AZATTYQ NEWS  картада жоқ тұрғындарды тауып, бүгін тілдесіп қайтты. Шанхай мөлтек ауданының тұрғындары 1999 жылда берілген көшенің аты әлі күнге дейін жоқ деп шағымданды. Сонымен қатар, үкімет тарапынан ешқандай көмек болмағаны жайында сөз қозғады.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 18.19.23

Жер алған уақыттан бастап көшенің аты жоқ, қаланың картасында да жоқпыз. Көшенің суын водоканалдағы адамдармен сөйлесіп, өз күшімізбен кіргіздік. Газ және жарықты өзіміз қостық. Көшені асфальттауға байланысты мәселе қозғап едік, көшенің аты жоғын бетімізге баса айтып, асфальт төсеуден бас тартты,- деді атауы жоқ көшенің тұрғыны Қанатбек Балхожаев.

Тұрғындардың айтуы бойынша, асфальт болмаса да, тас төсеп бергенге көңіліміз орнына түсер еді дейді. Жолдың нашар болуына байланысты, жедел жәрдем көліктері көшеге кіруден бас тартады екен.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 18.27.20

Қазіргі кезде қиындық тудырып тұрған мәселе ол жол мәселесі. Жолды істеу үшін әкімнің өзіне барып, жеке сайтына хат жолдап отырмыз. Ешқандай нәтиже жоқ. Айтатын сөздері бір, көшенің атауы жоқ болған соң бас тартады. Ең болмаса көшемізге атау беріп, тас төсеп берсе екен, – деп Ақышбаева Жұлдызай өз пікірімен бөлісті. 

Бұл мәселеге қатысты шенеуніктердің айтар уәжі келесідей.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 17.50.49

 – Көше атаулары жоқ, тұйық көшелерге байланысты тұрғындар тарапынан бізге жиі ұсынастар түседі. Аталған бөліммен атауы жоқ, тұйық көшелерге байланысты жұмыстарды сараптап, тексеріп, комиссия тобына ұсынады. Біз ұсынысқа сәйкес жұмыс жасайтын боламыз. Шанхай мөлтек ауданына келетін болсақ, атаусыз көшеге байланысты бұл жағдайды Қызылорда қаласының Сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырдық. Алдағы уақытта жағдай нақтылағаннан кейін, көшеге атау беруді наурыз-сәуір айларында заңға сәйкес жұмыстар жасалатын болады,- деді Қызылорда қалалық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Әбілдаев Нұрсұлтан.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Айгерим
Айгерим
2 years ago

Нұрсұлтан колға алса онда ісіне жауапты, біз сенеміз.

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x