Диқандар дауы

00000.MTS .Still001

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Ақсу ауылының тұрғындары базынасын арқалап облыс әкіміне келді. “Сәрке батыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандарын бір-ақ мәселе мазалап отырған көрінеді. Ол – 1,5 мың гектар егістік жері. Күріш егіп күндерін күнелтіп отырған Ақсулықтар ауыл-аудан деңгейінде мәселеміз шешімін таппаған соң Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан көмек сұрап келіпті.

Облыс әкімдігінің алдында жиналған Жалағаштықтарды шенеуніктер сыртта көп тұрғызбай ішке кіргізді. Аймақ басшысымен кездесіп, мәселемізді жеткіземіз деген шаруалардың ойы алайда жүзеге аспады.

00000.MTS .Still004

Жиналғандарды облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Медет Усаин қабылдап, сұрақтарын өзіне жолдауын сұрады. Мұнымен диқандар келіспей, Гүлшара ханымның келуін талап етті. “Әкім басқа жиналыстан қолы босамай жатыр” деген жауапты естіген  Ақсулықтар жылы жерді босатып, далаға шығып әкімді күтетіндерін жеткізді.

00000.MTS .Still005

Бізді қабылдағандар олар ешнарсе шешпейді! Облыс әкімі енді қабылдайтын шығар, қабылдамаса оны көрерміз. Мына халықтың талап, тілектерін тыңдау керек ғой енді. Қазір “Жаңа Қазақстан” боламыз деп жатыр. Қай жақта сол, есігінен кіргізбейді. – дейді Ақсулық Қуаныш Ұзақбаев.

Айрандай ұйып отырған Ақсу ауылында дау былтырғы жылдың сәуір айында басталыпты. “Сәрке батыр” шарушылығының бірқатары өз үлестерін алып, серіктестік құрамынан шықпақ боған екен. Диқандар мұның барлығы заң жүзінде атқарылса мұндай жағдай орын алмас еді дегенді айтады. Ауылдың бір топ азаматы шаруашылықтың болмаған жиналысын болды деп, барлық құнарлы жерді өз меншіктеріне алыпты.

00000.MTS .Still007

– Сіздер көбейіп кеттіңіздер, болмайды жиналыс деп таратқан бәрімізді. Біз тарап кеткенбіз, сол біздің сыртымыздан келіп енді соны болды қылып жиналысты, аудан әкімінің шешімімен 553 гектар жерімізді суға нағыз тілек, өнімді жақсы беріп отырған жерді алып қойды олар. – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Жарбол Рахметбаев.

Осыдан кейін шаруалар мәселені ауыл төңірегінде шешпек болып бірнеше рет шаруашылықтың жиналысын қайта өткізбек болған екен. Алайда біз бөліндік деген ауылдастары жиынға келуді жөн көрмепті. Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы болса бұл дауға нүктені тек сот ғана қоя алады деп отыр. Облыс әкімімен жүздесе алмай, әкімдіктің алдында жүрген диқандарды екі сағат өткен соң қайта ішке кіргізді. Гүлшара Әбдіқалықова тек диқандардың арасынан өздері таңдаған өкілдермен жүздесті.

WhatsApp Image 2022 02 05 at 17.59.27

– Сіздердің өтініш арыздарыңызды естідім, тапсырма беремін, өзім бақылауға аламын! Ертең тексеріп болған соң маған хабарлайсыздар. Сосын иә шақырып, иә ауылға барып қайтамыз.- деді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар Жалағаш ауданы әкімдігі тарапынан заң бұзышылық анықталса “шара қабылдаймыз” деген Гүлшара Наушақызы Ақсулықтардың сотқа жазған арыздарын мақұлдап, ұсыным беретіндерін жеткізді.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x