Газ баллоны жарылды

1

Қызылорда облысына қарасты Қаракеткен ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының шаңырағын шайқалтты. Оқыс оқиға 31қаңтар  күні түнгі 23 сағат 55 минут шамасында орын алды. Шақырту бойынша жарылыс орнына жеткен өрт сөндірушілер зардап шеккен тұрғындарды жедел жәрдем қызметіне табыстап, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Барлау жұмыстары нәтижесінде төтеншеліктер жалпы ауданы 15х15 метр тұрғын үйдің асхана бөлмесінде орналасқан сыйымдылығы 50 литр 1 дана пропан газ баллоны жарылғанын анықтады. Салдарынан баспананың қабырғалары құлап, үйдің төбесі ортаға түскен. Қазіргі таңда жарылыс салдарынан  түрлі дәрежеде күйік шалған үй иелері  Жалағаш ауданаралық ауруханасында жеткізілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар