БҮЛІНГЕН БАС ЖОСПАР

WhatsApp Image 2022 02 01 at 12.26.12

Қызылорда қаласының бас жоспары бүлінді. Бұған дейінгі әкім-қаралардың сол жағалаудағы қала жайлы жоспары аяқсыз қалғандай. Шенеуніктер уәде еткен “ертегі қаланың” орынына, қазір айналасы қоқысқа толған тұрғын үйлер салынды.

  Осыдан тура 13 жыл бұрын бекітілген макеттегі ғимараттардың қазір көбі жоқ. Мәселен жоспар бойынша сол жағалаудан көркіне көз тоймайтын ғимараттар, жап-жасыл бақ, бульвар, шығыс стиліндегі базар салынатыны жөнінде БАҚ беттерінде бірнеше рет хабарланған. Алайда аталмыш жобалардың қазір тіпті қаңқасы да тұрғызылмаған. Макеттегі әппақ әсем үйлердің орынына қызыл кірпіштен қаланып, қауқиған көпқабатты баспаналар салынды.

WhatsApp Image 2022 02 01 at 12.26.13

Сондай-ақ жоспар бекітілгенде сол жағалаудағы қала құрылысы тек инвесторлардың қаржысына салыну керек болған-ды. Тіпті шетелдің инвесторлары сол жағалау жобасына қызығушылық танытып отыр деп мәлімделген болатын. Сол кездегі облыс және қала әкімдері мемлекеттен тек инфрақұрылымға ғана қаражат бөлінетінін айтқан.

WhatsApp Image 2022 02 01 at 12.26.16

Ал қазір мұнда бірде-бір шетелдік инвестордың жобасы жоқ екенін облыстық құрылыс басқармасы басшысының өзі мойындап отыр. Сөзіне сенсек, сол жағалаудан өз жобасын жүзеге асыруға шетелдіктер аса бір құлық танытпапты. Сондықтан амал жоқ, ақ жағалылар басталған қаланың құрылысын жалғастыру үшін тағы бюджетке телміріп жүр.

Сонымен қатар әкімдердің “ертегісі” толық қашан жүзеге асатыны белгісіз. Түрік стиліндегі үйлер, жасыл бақтар, әппақ зәулім ғимараттар әзірге тек макет күйінше қалмақ. Ал сол жағалаудың тұрғындары құм суырған қалада әлі ұзақ уақыт тұратын секілді.

Абылай Әбілмансұр

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x