Айналма жолдың азабы

00092.MTS .Still002

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғындары жергілікті биліктен жол сұрап әлек. Ауыл мен кентті жалғайтын көпір 2 апта бұрын бұзылған екен. Содан бері бидайкөлдіктердің тұрмысы қиындап кеткен. Атап айтсақ, елді-мекеннен шығу үшін халық 12 шақырым айналма жолмен жүруге мәжбүр. Бұл жолдың аты бар болғанымен көлік жүргізушілері үшін қауіп төндіреді екен. Себебі мұнда қауіпсіздік шаралары еш сақталмай, ойдым-ойдым жолдың жан-жағы қоршалмаған көрінеді.

00092.MTS .Still004

Айналма жолдың сапасы сын көтермейді. Өйткені жолдан шығып кетіп, машиналар аударылып қала жаздап, сондай жағдайлар болды. Орта жерінде карьер қылып алған, жаны тік жар, биіктігі 3 метрдей. Тайып кетсең енді одан аман қалу да қиын шығар – дейді бидайкөлдік Нұрлан Бекжанов.

Айналма жолмен есік алдына дейін апарамыз деген таксисттер болса жағдайды пайдаланып 300 теңгеден бағаны 1,5 мың теңгеге көтеріп жіберген көрінеді. Ауылға қатынайтын қоғамдық көліктер болса тұрғындарды бұзылған көпірдің қасынан түсіріп кетеді екен.

00092.MTS .Still003

Бидайкөлде 4,5 -5 мыңдай халық тұрады. Оның 60-70 пайызы десем жаңылмаймын ауданда жұмыс істейді. Оқушылардан 100-дей оқушы аудан орталығының мектебінде оқиды. Мынау жүретін бір тропинка жол сағат 6,5-7-де сабақтан шығады мына жолдан балалар қалай өтеді? дейді  Бидайкөл ауылының тұрғыны Жарас Қыпшақбаев.

Мердігерлердің жұмысы не себепті тоқтап тұрғанын білмек болған едік. Алайда құрылысшылардың техникасы тұрған жерден бір маманды таба алмадық. Мәселенің мән жайын ауыл әкімі түсіндіруге тырысып бақты.

00092.MTS .Still006

Қазір осы 4 күн болды тоқтап тұрғанына, себебін сұрасақ мердігерлерден Ресейден заттарын күтіп отырмыз дейді келе жатқан. Ертең осы суббота келіп құрылысты қайтадан жалғасытрамыз деп отыр. Бұл жерден мүмкіндік қарастырылмады енді. Ең жақын деген мүмкіндігіміз мына поликлиника бар тура шығатын жер енді соны мәселе ретінде мердігерге айтып көрейік- дейді Байтерек ауылдық округінің әкімі Жомарт Ақбергенов.

Осылайша атқа мінер басшылардың кәсіпкерге өтініш айтудан басқа амалдары жоқ екенін аңғардық. Көпір құрылысы жоба сметалық құжаттарға сәйкес 8 ай жүргізіледі. Осы уақыт аралығында айналма жолмен қатынауға Бидайкөл ауылының тұрғындары келіспейді.  Алыстан арбаламай, жақын жерден уақытша болса жол салып берсе бізге басқа еш нарсе қажет емес  дейді ауыл тұрғындары.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x