462172529 2110975875964580 2171324564182937512 nplaceholder

«Әкелер» ұйымы бірліктің үлгісін көрсетіп, дауыс берді

Қазалы халқы бүгінгі республикалық науқанда белсенді. Олардың қатарында Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Әкелер» ұйымының мүшелері №84 референдум учаскесіне ұжымдасып келіп, дауыс берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

– Мемлекетіміздің болашағына әсер ететін, жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күнде көпке үлгі болып, ұжымдасып келуді жөн санадық. Себебі, әрбір қазақстандықтың таңдауы мен берген дауысы елдің болашағы үшін маңызды, – дейді олар.

Айта кетейік, аймақта 165 азамат есептен шығару куәлігін алуға өтініш жазған. Оның 87-і Қызылорда қаласынан, 78-і аудандардан алған.

Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.

Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар