Қазалылық қайырымды жандар марапатталды

433255749 1967358416992994 3033238975167580215 n

Жүрек жылуын сыйлап жүрген мейірімді жандарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта өтіп жатыр. Мерекеге орай наурызнама онкүндігі бекітіліп, әрбір күн – халық арасында ерекше атап өтілуде. Мәселен, 14 наурыз – «Амал мерекесі» кең көлемде тойланса, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Соған сәйкес, Қазалы ауданында бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Ал қорытынды шара аудандық жастар ресурстық орталығында өтті. Шарада аудандағы игілікті істердің басы-қасынан табылып, қол ұшын созып жүрген меценаттар, қайырымдылық ұйымдары мен еріктілер марапат төрінен көрінді.

Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы арнайы барып, жабырқаған жандарға демеу болып жүрген жандарға шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың арнайы «Алғыс хаты» мен сый-сияпатын табыс етті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар