Қазақстандықтар құрбан айт күні демалмайтын болды

maxresdefault

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге келіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті мейрам қарсаңында мәлімдеме жасады.

«2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді», – делінген хабарламада.

Елдегі заңға сүйенсек, діни мейрам демалыс күндерге сәйкес келсе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.

Бұған дейін ҚМДБ тарапынан Құрбан айттың бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсетіні хабарланған болатын. Алайда, айдың көрінуіне орай мейрам бір күн ерте басталмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар