Қазақстандық турист Италияда вандализм жасағаны үшін ұсталды

photo 122819.jpeg

Италияның тарихи ғимаратына жазу қалдырған қазақстандық азамат заң алдында жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растап отыр.

«Италияда біздің азамат тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдарында барлық қажетті әрекет аяқталғаннан кейін ол босатылды. Одан әрі сот талқылауы әкімшілік тәртіппен жүргізіледі», – деді СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ.

Қазақстандық азамат Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына ALI деген жазу жазған.

1913-1914 жылдар аралығында қазылған Цеев үйі – соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін мысалдарының бірі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар