Қазақстандық спортшы үшінші әйел алғысы келетінін айтты

bf0391962e2025b5 b

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Rukh Entertainment подкастында үшінші әйел алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Подкаст барысында оған “Үш әйелің бар ма?” деген сұрақ қойылады.

“Әзірге екеу. Жақында үшеу болады деп ойлаймын. Мен былай түсіндірейін: арыстандар көп қой, бірақ әрбір арыстанның өз тобы бола бермейді. Мен өз тобы бар арыстанмын. Шындық сол – мен әйелдерді жақсы көремін, ал егер әйелдерді жақсы көрсең – үйлен. Бір әйелмен қанағаттанып жүрсең, бір әйелмен жүре бер, міне, осылай”, – дейді спортшы. 

Сондай-ақ ол аталарының көп әйел алғанын айтты.

“Біздің тарихымызда алатын болсақ… Сіздердің аталарыңыз қандай болғанын білмеймін, бірақ өзімнің аталарымның көп әйелдері болғанын білемін. Көп әйел алу біздің мәдениетімізде, шын мәнінде, кездеседі. Мұнда еш мәселе жоқ. Көпшілік мұны өте оңай деп ойлайды. Сырттан қарағанда солай көрінеді – “о, екі әйелі бар, керемет!”. Бірақ онда қаншама қиындық бар екенін білесің бе? Қалай болғанда да, сен бірінші әйеліңе де, екінші әйеліңе де әділ қарауың керек. Өйткені сен бұған жауаптысың, — деді Жұмағұлов.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар