Қазақстанда бензин қымбаттайды

Қазақстанда бензин қымбаттайдыplaceholder

Қазақстанда бензин қымбаттайды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде бензин бағасы өсетінін мәлімдеді.

Мәжілісте өткен брифинг барысында министр  бағаның өсуі – Қазақстанда мұнай өнімдерінің жетіспеушілігімен байланыстырды.

«Қазіргі уақытта біздің нарық тапшылықты сезініп отыр. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін модернизация жүргізіліп жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат қажет.

Мұнай өнімдерінің бағасында жабдық сатып алу, қызмет көрсету, операциялық шығындар, логистика, жаңа мұнай құбыры және теміржол инфрақұрылымын салуға алынған қарыздар да есепке алынатын болады», – деп ескертті Сәтқалиев.

Cәйкесінше, бензин бағасының көтерілуі – мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.

«Бағаның қандай болатыны – ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазіргі уақытта біздің ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде, мұнай өнімдерінің бағасы да ең төменгі.

Нарық ашылған жағдайда, біздің арзан өніміміз қымбат өнімдермен араласып кетеді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әсер етеді», – деді министр.

Басқа да жаңалықтарды оқи отырыңыз.

Бөлісу:

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар