Кәсіпкерлерге «Тіл туралы» заң талаптары түсіндірілді

432412292 1521981748359890 2483029264522876082 n

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Сауда, қызмет көрсету және туризм кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кеңес отырысына облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, кеңес мүшелері, Қызылорда қаласында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының басшылары қатысып, аудандағы жауапты қызметкерлер онлайн байланыспен қосылды.

Шарада қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, өндірістік бақылау мәселелері және «Тіл туралы» заңның 21-бабына енгізілген өзгерістер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес басқарманың тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Л.Есім кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды жазып, орналастыруға қойылатын талаптар жөнінде кеңінен ақпарат берді. «Тіл туралы» заңның «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» атты 21-бабына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде жазу міндеттелгенін атап өтті. Кәсіпкерлерді «Тіл туралы» заң талаптарын сақтай отырып, тұтынушы құқығын сақтау қажеттігіне аса мән беруге шақырды. Қажеттілігіне қарай кәсіпкерлерге қысқа мерзімді тегін оқыту курстары ұйымдастырылатынын және мәтіндерді сапалы аударуға әдістемелік қолдау көрсетілетінін айтты.

Осы бағытта өткен жылы басқарма тарапынан іске асырылған бірқатар жобаларға тоқталды.

Жиында белгілі болғандай, «Қоғамдық тамақтандыру орындарындағы ас мәзірлерінің мемлекеттік тілдегі лингвистикалық базасын қалыптастыру» атты әлеуметтік жобасы аясында «Мемлекеттік тілдегі ас мәзірі мен тағам түрлері: қазіргі жағдайы, проблемалары» атты монография-анықтамалық және «Тағам атаулары» атты сөздік шығарылған. Оқулықтар облыстық Кәсіпкерлік палатасына, кітапханаларға, қала, аудан әкімдіктеріне таратылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Кәсіпкерлерге «Тіл туралы» Заң талаптары түсіндірілді