Кәсіпкер өзінің 12 миллион теңгесіне тонау ұйымдастырған

3c72545d3e169627deca3b4ca8e 1440x810 1

Кәсіпкер өз көлігінде жатқан 12 миллион теңгеге тонау ұйымдастырған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Былтыр қыркүйек айында Атырау полициясына дизель отынын сататын кәсіпкер хабарласып, банк маңында тұрақта тұрған көлігінен 12 миллион теңге ұрланғанын айтып, шағым түсірген. Десе де полицей кәсіпкерге жалған мәлімдеме жасаудың заң алдында жауапкершілігі болатынын ескерткен.

Тергеу жұмыстары барысында ақша ұрлауды кәсіпкердің өзі ұйымдастырғаны анықталды. Ол бір адамға көліктен ақша ұрлауға келісіп, ол әрекеті үшін 2 миллион теңге берген.

Сот кәсіпкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп таныды. Сондай-ақ қылмысқа екінші қатысушыға да көмек көрсетті деп айып тағылды.

Заң бойынша кінәлі азамат үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда екеуі де кінәсін мойындап, өкініп, нәтижесінде сот айыпталушыларды үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три + 17 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар