«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында ауданда орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бүгін аталмыш акция аясында Жосалы кентіндегі «Жеңіс» саябағында аудан ардагерлері мен белсенді жастар және мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуымен 100 түп ағаш отырғызылды.
Акция барысында аудан ардагерлері Президент тапсырмасымен бастау алған экологиялық акцияның қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлесі зор екенін атап өтті.
Акция аясында ауданның барлық аумағында санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.