Қала көшелерін су басты

Қала көшелерін су басты

Қала көшелерін су басты. Өңір басшысы су алған аймақтарға барды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Оқиға Жамбыл облысының Жаңатас қаласы болған.

Әкімдіктің мәліметінше, жексенбі, 7 шілде күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы мен 47 үйдің ішін су алған.

Қазір шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жалғасып жатыр. Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 50-ден астам адам тұрғындарға көмектесіп, су айдау жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек 17 техника тартылып, 11 мотопомпа қолданылды. Қажетті техникалар санын арттыру үшін жедел шаралар қолға алынып жатыр. 

Арнайы техникалардың көмегімен суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Зардап шеккен тұрғындар үшін қабылдау пунктері дайындыққа келтірілді. Азаматтарды тасымалдауға арнайы көліктер қарастырылған. Ербол Қарашөкеев жедел штаб отырысында жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

“Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз”, – деді өңір басшысы. 

Бүгінде аудандағы ахуал тұрақты, су деңгейі төмендеді. Адам мен мал шығыны жоқ. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 + 16 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар