518326608 3981656498767745 6914060408689723211 nplaceholder

Кәсіпкерлік саласындағы негізгі көрсеткіштер

Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 33 519 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 69 857 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 721 млрд. 913 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
— Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124 млрд. 217 млн. теңгеге жетті. Осы инвестициялардың нәтижесінде қалада биыл жалпы құны 233,6 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы көзделуде. Атап айтсақ, І жартыжылдықпен «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің заманауи кірпіш шығару зауыты, «Қызылорда-Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару кешені, машина жасау саласында «Марал-Нұр» ЖШС-нің вагон жөндеу депосы және «Панабек» ЖШС-нің жиһаз цехы іске қосылды. Сондай-ақ, «Rem Plast Invest» ЖШС-нің қағаз мен картон өндірісі, «Ayna Glass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару зауыты, «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік парктері, «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігінің сауда үйі мен «Orhun Medical» ЖШС-нің медициналық орталығы жақын күндері өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығы пайдалануға беріледі. Бұған қоса, биыл «With You E&C Kyzylorda» серіктестігінің Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу және «Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытының құрылысы бастау алады, — деді бөлім басшысы.
Бұдан бөлек, сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 2024 жылы «Сұлтан» базарын жаңғырту жұмыстары қолға алынып, қазір құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Соның бірі, ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaрту мақсатында іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 238,83 млн. теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландырылды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, жалпы құны 293,5 млн. теңгеге 7 жоба жоба қаржыландырылды. Аталған ұйымның «Іскер» бағдарламасымен қалаға қарасты кент және ауылдық округтарден 266,73 млн. теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылды.
Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары да жалғасуда. Жыл басынан бері 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 64 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять − два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар