517574984 3976001165999945 885222087752213692 nplaceholder

Көне ғимарат – тарихтың куәгері

Өткен ғасырдың көзіндей қастерлі орын А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі – қазір Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл нысан 1959 жылы күйдірілген кірпішпен салынған. Яғни, биыл ғимаратқа 66 жыл толды.
Бұл нысан посткеңестік кезеңдегі ғимараттарға тән архитектураның озық үлгісі саналады. Ғимарат кеңдігімен ерекше, онда классикалық еуропалық және шығыстық үлгілердің керемет үйлесімі бар. Ғимараттың жалпы құрылысы үш қабатты. Ескерткіштің ішкі және қасбеті ұлттық нақышта дайындалған гипстермен қапталған. Орталық бөлігі – көрермендер залы. Ол 300 адамға есептелген.
2018 жылы Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті картасына енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылды.
Тарихына келсек, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін ғимаратта Қызылорда қаласының концерттік-эстрадалық бюросы орналасқан болатын. Ал, 1972 жылдан бастап мұнда Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясының негізі қаланды. Нарық талабымен бір кездері жекенің қолына өткен де уақыт болды. Кейіннен қайтадан мемлекетке қайтарылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 + 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар