Көкарал бөгеті және гидротехникалық нысандардың маңызы

697388802e4f5807836b7700f6d02091placeholder

Солтүстік Арал теңізін сақтау және су деңгейін тұрақтандыру үшін Көкарал бөгеті маңызды рөл атқарады. Бұл бөгет теңіз суының Үлкен Аралға ағып кетуіне тосқауыл қойып, солтүстік бөліктің қалпына келуіне ықпал етеді.
Қазіргі уақытта “Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру” жобасы қарқынды жүзеге асуда. Бұл бастама Солтүстік Арал теңізіндегі судың деңгейін тұрақтандырып қана қоймай, оның тұздылығын азайтуға да ықпал етеді. Бүгінде жоба аясында “Тәуір” қорғаныс бөгеті салынды, Қарашалаң көлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскеде бөгеттер қайта жаңартылды, “Қарашалаң-1” каналы мен оның бас құрылысын реконструкциялау сынды кешенді жұмыстар жүргізілді.
Көкарал бөгетін сақтау – Солтүстік Аралдың болашағын қамтамасыз ету деген сөз. Бұл жоба толық аяқталғаннан кейін, теңіздің жағдайы жақсарып, экожүйе біртіндеп қалпына келе бастайды.

Қанатов Талғат
Арал аудандық мәслихат депутаты

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар