15 жасар бозбала мен 16 жасар қыз өздерін “ғашықтармыз” деп айтып, сезімдеріне кедергі болмауын сұраған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпарат агенттігі.
Олар ұлдың үйінде жыныстық қатынасқа түскен. Жағдай қыздың ата-анасына белгілі болып, аталмыш дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қос ғашық интимдік байланысы махаббаттан туындағанын айтып, ата-аналарына сезімдеріне кедергі болмауын сұраған.
Бүгінде ақтөбелік жасөспірімдердің жасы 18-ге толмағандықтан, қылмыстық іс дереу тоқтатылған. Алайда ұлдың анасы сот алдында “ата-ана міндеттемелерін орындамағаны” үшін жауап берді. Сот оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салып, бұдан былай баласын қадағалауды тапсырған. Ал қыздың ата-анасы заң бойынша жауапқа тартылмаған.