463335446 2120093175052850 8359512362107289192 nplaceholder

Экономиканы өркендету үшін кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқжанов есеп берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Департамент басшысы қызмет барысында адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ететінін, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылап, реттейтінін баса айтты. Сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау және лицензиялауды жүзеге асыру да осы департамент құзырында.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл басынан бері 16 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғалардың қызмет түрлеріне мониторинг жүргізген.

– Департамент мониторинг жүргізу барысында, кейбір мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз Жарғыға енгізу, монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтады. Осы деректер бойынша жыл басынан бері 6 нұсқама шығарылды. 15 тауар нарығына талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберілді. Кәсіпкерлік субъектілерімен комплаенске қол қою бойынша кездесулер өткізу жұмыстары одан әрі де жалғасын табатын болады, – деді Дамир Жакенұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

19 − 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар