Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Экологиялық ахуалды жақсартудың маңыздылығын кеңінен насихаттауды тапсырған болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бүгін жалағашттық партияластар «Таза Қазақстан» партиялық жобасымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында кент ішілік саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізіді.
Акцияға партия филиалының қызметкерлері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, «Дарын», «Даму» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері қатысты.
Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Асхат Ахметжамиев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын Президент халыққа арнаған Жолдауында кеңінен тоқталғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы төңірегінде айтқанда атом электр станциясының құрылысы салу мәселелесін тілге тиек етті. Қазақстан экономикасы үшін энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайтуда мұндай добаны қолға алу керек деп есептеймін. Ғалымдар Атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза болып табылатындығын айтып отыр. Экологиялық таза ел өзіміз және болашағымыз үшін маңызды», – деді Асхат Ахметжамиев.
Атап өтейік экологиялық акцияда саябақтың қоршаулары сырланып, арам шөптері шабылды. Талдар ақталып, жиылған күл қоқыс шығаралды.