462619688 2114157828979718 9156969456706031504 nplaceholder

«Эко такси» таза экологиялық жоба

Қызылорда тұрғындарына экологиялық таза «Эко такси» қызметі іске қосылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Экотаксилер электр қуатымен жұмыс істейді. Толық зарядтау шамамен 500 шақырымға жетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда «Автобус паркі» ЖШС директоры Абдуқадыр Маштаев баяндады.

Қазіргі таңда 52 экотакси азаматтарға өз қызметін көрсетуде. Жобаның басты мақсаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңаша жобаларды жүзеге асыру.

– Алдағы уақытта олардың саны 100-ге жетеді. Біздің қаламызда осындай такси пайда болғанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл экологиялық таза, үнемді және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін жайлы көлік. Бұл қала экологиясына оң әсерін тигізері сөзсіз», – дейді Қызылорда автобус паркінің директоры Абдуқадыр Маштаев.

Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды. 548-ге жуық арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар