Жастар күні аясында ұлттық онкүндік өтеді

Жазира Бағланқызы
4 Min Read
453457763 1805879163520068 5049645109670922990 nplaceholder

Жастар күні аясында ұлттық онкүндік өтеді

Жастар күні 3-12 тамыз күндері аралығында әр күнге тақырыптық атау беріле отырып, атап өтілмек, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жастар – әр елдің белсенді буын өкілдері. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастардың жағдайын тасада қалдырмаса керек.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында Республикамызда арнайы тұжырымдама бекітіліп, ұлттық 10 күндік ретінде атап өтуге бағытталған. Тұжырымдама аясында облыстық іс шаралар жоспары бекітіліп, Жастар күні 3-12 тамыз күндері аралығында әр күнге тақырыптық атау беріле отырып, атап өтілмек. Атап айтсақ,

3 тамыз күні – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Бұл күні жастар мен жастар ұйымдарының, волонтерлердің, белсенді экологиялық қозғалыс өкілдерінің қатысуымен тазалық акциялары өткізіледі. Оның ішінде, саябақ аумақтарын, өзендер мен көлдердің жағалауларын, тарихи-мәдени мұра объектілерінің аумақтарын тазарту және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысуымен «Jasyl arafon24» эко-турнирі ұйымдастырылады.

4 тамыз күні – ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!

Қазақстандық ынталандырушы және көркем фильмдерді, оның ішінде жас режиссерлер түсірген фильмдерді көрсету мақсатында «Aspan Cinema» шарасы ұйымдастырылады.

Көрсетілімдер қала/аудан орталықтарындағы ЛЭД экрандарда, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда, жастар көп шоғырланатын орындарында, сондай-ақ, жазғы тынығу лагерлерінде жүргізіледі.

5 тамыз күні – ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

Бұл күн жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр.

Атап айтқанда, «Жастар денсаулық орталығының» көшпелі форматтағы ашық есік күні, барлық деңгейдегі емханаларда скринигтер, мамандардың консультациялары, «Донор бол!» ерікті түрде қан тапсыру акциясы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, олимпиадаға қатысып жатқан қызылордалық спортшыларды қолдау акциялары өтеді.

6 тамыз күні – ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

Өздеріңіз байқағандай, атаулы күні білім құндылықтарын, зияткерлік қабілетті дамытуға басымдық беріледі.

«Кітап сыйла», «Түнгі кітапхана» акциялары, квиз және интеллектуалды сайыс форматында заманауи ойындар ұйымдастырылады.

7 тамыз күні – МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ

Бұл күн қайырымдылық бағытында атап өтілмек.

«Игі істер марафоны», «Әлеуметтік дүкен» қызметін ұйымдастырылады, сондай-ақ қала/аудан орталықтарындағы жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған нысандарға жеңілдіктер қарастыру жоспарлануда.

8 тамыз күні – АДАЛ АЗАМАТ

«Қазақстан жастары» тақырыбында танымал тұлғалардың қатысуымен түрлі салалар бойынша ТЕД-х форматында кездесулер өткізіледі.

9 тамыз күні – ЕҢБЕК БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК

Орталықтардың бастамасымен және жастардың сұранысы бойынша қолға алынған «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы облыс бойынша өткізіледі.

Бұл шаралар аясында өңірдегі кәсіпорындарды шақыра отырып бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес беру, жас кәсіпкерлердің өнімдерінен көрмелер, интерактивті және спорттық ойындар ұйымдастырылады.

10 тамыз күні – ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК

Өздеріңізге белгілі, 10 тамыз Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне Абай күні болып енгізілген.

Осыған сәйкес, Абай атамыздың шығармашылығын насихаттауға бағытталған түрлі байқаулар, челленждер, бейне құттықтаулар сериясы ұйымдастырылады.

11 тамыз күні – ҚОРҒАН24

Бұл күннің ерекшелігі жастар арасында зиянды әрекеттердің алдын алуға бағытталып отыр.

Яғни, тыйым салынған заттарды заңсыз жарнамалаумен граффитиді бояу, вандализмнің, лудоманияның, уытқұмарлық пен нашақорлықтың алдын алуға байланысты бейне үндеулер жариялау, рейдтік шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жастар арасында түрлі спорттық жарыстар да өткізілмек.

12 тамыз күні – ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!

Мереке күні барлық қала/аудан орталықтарында «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!» open air форматында қорытынды кеш өткізіледі.

Облыс орталығында өтетін шараға жастар арасында танымал эстрада жұлдыздарының қатысуы жоспарлануда.

Шара аясында барлық санаттағы жастарды, оның ішінде, волонтерлерді, еңбекші жастарды, жас мемлекеттік қызметкерлер мен жас кәсіпкерлер марапатталатын болады.

Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауының жеңімпаздарына номинациялар табысталады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать − два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру