Аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 331 қызметкеріне тиісті медициналық төлем берілмей келген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Жаңақорған аудандық прокуратурасының мәліметінше, аурухана қызметкерлері өткен жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына 21,5 миллион теңге көтермелеу қаражатын (медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент) ала алмаған. Бүгінде құқығы бұзылған қызметкерлер тиісті қаражатына қол жеткізді.