Адвокат аудандағы мектептер мен білім бөлімінің есепшілерін қорқытып, 7 миллион теңге талап еткен. Ақшаны бермеген жағдайда құзырлы органдарға шығым түсіріп, қылмыстық іс қозғалатынын айтқан, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Прокуратураның мәліметінше, адвокаттар алқасының өкілі О.Құрбанов білім саласының қызметкерлерінен ақша бопсалаумен айналысып келген. Ол 13 мектептің және білім бөлімінің есепшілерінен 6,9 миллион теңге талап еткен. Сондай-ақ осы қаражатты тауып бермеген жағдайда аудиторларға арызданатынын айтқан. Содан соң іс қозғалып, ауданның абыройына нұқсан келтіресіңдер деп қысым жасаған. Адвокаттың қылмысы сотта толық дәлелін тапты.
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеу органымен О.Курбановқа қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық бабы) айып тағылды. О.Құрбанов 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сот үкімі заңды күшіне енген.-деп хабарланды БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ресми сайтында.