Жаңақорғанда тамшылатып суару әдісімен алмабақ отырғызылды

442407847 742781788043068 5931439617128504871 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемовпен бірге Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барып, “Қыраш” ауылындағы су қоймасының және «Qaratau Fruits» алмабақ шаруашылығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Су қоймасы да, шаруа қожалығы да аталған ауылдық округтің тау беткейінде орналасқан. 1930 жылы салынған қойманың сыйымдылығы – 2,5 млн текше метр, су көлемі – 2,4 млн текше метр, жағдайы қанағаттанарлық.

Облыста 7 су қоймасы бар, олардың жобалық көлемі – 7,9 млн текше метр.

Алмабақ жобасының құны – 1,6 млрд теңге, 120 гектар жер қоршалып, оның 50 гектарына 65 мың түп алма ағашы классикалық әдіспен егілген. Тағы 30 гектарына 75 мың түп алма ағашы интенсивті әдіспен егілген және тамшылатып суарылады.

Оған қажетті 250 кВ трансформатор орнатылып, 6,5 шақырымнан электр желісі тартылған. Алмабақта тереңдігі 60 және 30 метр болатын 2 ұңғыма қазылған. Сағатына 50 текше метр су өлшемі 100х100, тереңдігі 4,5 метр биомембранамен жабдықталған бассейнге толтырылып, алма ағаштарына тамшылату арқылы беріледі.

Қазір мұнда 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Биыл гектарынан 50 тоннадан өнім алу күтілуде.

“Қыраш” ауылының төменгі жағынан, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” дәлізінің бойынан 3400 тонна жеміс-жидек, 1600 тонна көкөніс, жалпы 5000 тонналық өнім сақтау қоймасын салу 2024-2025 жылдарға жоспарлануда. Жоба құны – 2,5 млрд теңге.

Аймақ басшысы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, шаруашылық ұжымымен әңгімелесті. Кәсіп иесі “Қыраш” ауылы мен бақ аралығындағы 8 шақырым жолды салу жөнінде өтініш білдірді. Нұрлыбек Машбекұлы жолға бюджеттен ақша бөлініп, қиыршық тас төселетінін жеткізді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + 11 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар