Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бүгінгідей беделді де берекелі ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің жетістігі – әрбір қызметкердің еңбегі мен жігерінің жемісі. Аймақтың оң имиджін қалыптастыру мақсатында қоғамдық-саяси ахуалға жүйелі мониторинг жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру жолында Өңірлік коммуникациялар қызметінің қосар үлесі зор. Қызмет жолында еңбегі еленген Гүлфариза Әлібекова, Ақмоншақ Досжанова, Мұнарбек Әбілқайыр, Арман Келдібаев облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Әріптестеріміздің барлық бастамаларына сәттілік, еңбектеріне табыс тілейміз!